This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Есірік торғай
A2 - Elementary · 163 words

Есірік торғай

Audio player
0:00 --:--
Көктем сайын құстардың патшасы Қыран үлкен той жасайды екен. Ол тойға барлық құсты шақырған. Құстар тобымен келіп, тойға қатысқан. Сондай тойдың бірінде мынадай жағдай болған. Тойға келген құстардың бәрі өз орындарына отырған. Той басталған кезде тойда отырған торғайлар есік жақтан жалғыз торғайды көріп қалған. Оның денесінде мамық жоқ, сондықтан ол тоңып отырған. Торғайлардың басшысы: «Оған көмектесуіміз керек. Әрқайсымыз бір мамық беруіміз қажет, - деген. Торғайлардың бәрі келісіп, оған бір мамықтан берген. Бір кезде жалғыз торғай әдемі болып шыға келген. Қыран патша оны байқап, жоғары жаққа шақырған. Оған қасынан орын берген. Бұған торғай қуанып, өзін ең әдемі құспын деп ойлап қалған. Ол көмектескен торғайлармен сөйлеспей, оларға жоғарыдан қараған. Басқа торғайлар оның бұл мінезіне ренжіген, ашуланған. Содан кейін оған берген мамықтарын қайта алғысы келеді. Алайда үлкен торғайлар тойдың соңын күтуді айтқан. Той аяқталып, құстар тараған соң, торғайлар өздері берген мамықтарын қайтарып алған. Әдемі торғай қайтадан мамықсыз қалған. Қыран патша да оған қарамай кетіп қалған. Осыдан соң жалғыз қалған торғай достарының, туыстарының көмегін ұмытпау керегін түсінген.
moldir-bulak.kz (https://moldir-bulak.kz/?p=6267).