This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қожа мен Имам
69 words

Қожа мен Имам

Audio player
0:00 --:--
Қожа бір күн мешітте намаз оқып отырған екен. Көп кісілермен бірге еңкейгенде, Қожаның артындағы бір жігіт қалжыңдап құйрығына түртіпті. Қожа мұны көреді де, алдындағы имамның құйрығына түртеді. Қожа мықты ғой, молда сүрініп, намаз бұзылып, Қожаға қарап: – Мұның қалай? Мұныңыз дұрыс па? – депті. Қожа: – Молдеке, маған айтпаңыз, менің артымдағы жігіттен сұраңыз. Мені бұл кісі түртті, мен де сізді түрттім. Бұл жердің ережесі осы деп ойлаппын, – дейді.
Бабалар сөзі, 77 том.