This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Аула сыпырушы туралы мысал
B1 - Intermediate · 195 words

Аула сыпырушы туралы мысал

Audio player
0:00 --:--
«Microsoft» компаниясына аула сыпырушы болып жұмысқа кіргісі келген бір кісі компания кеңсесіне келіпті. Кадр бөлімінің қызметкерлері оған бірнеше сұрақ қойып, тест тапсырмаларын беріпті. Содан кейін оны жұмысқа қабылдайтындарын айтып, жұмыс кестесін e-mail арқылы жіберу үшін электрондық поштасын сұрапты. Алайда ол компьютері де, e-mail поштасы да жоқ екенін айтыпты. Компания қызметкерлері жұмысшылармен электрондық пошта арқылы байланысатынын түсіндіріп, осы себептен оны жұмысқа қабылдамапты. Бұл кісі енді компьютер сатып алу үшін ақша табуға кірісіпті. Қалтасында бар болғаны 30 доллары болыпты. Сол ақшаға фермерлерден 10 килограмм алма сатып алып, адамдар көп жүретін көшеде сата бастапты. Бірнеше сағат ішінде барлық алманы сатып жіберіпті. Содан саудасы жақсы жүріп, табысы артыпты. Бірнеше жылдан кейін ол көлік сатып алыпты. Кейін шағын дүңгіршек ашып, оны дүкенге айналдырыпты. Шамамен бес жылдан соң бірнеше супермаркеті бар кәсіпкерге айналыпты. Бір күні ол кәсібін сақтандыру үшін агентікке барыпты. Агенттік қызметкері оған тиімді ұсыныстарды e-mail арқылы жіберу үшін электрондық поштасын сұрапты. Ол: «Менің компьютерім де, e-mail поштам да жоқ», - депті. Агенттік қызметкері таңғалып: «Осындай үлкен кәсібіңіз бола тұра, компьютеріңіз жоқ. Компьютеріңіз болса, бұдан да көп нәрсеге қол жеткізер ме едіңіз», - депті. Сонда ол: «Онда мен «Microsoft» компаниясының жай ғана аула сыпырушысы болатын едім», - деп жауап беріпті.