This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қыз жұмбағы
A2 - Elementary · 141 words

Қыз жұмбағы

Audio player
0:00 --:--
Бұрынғы уақытта бір хан өмір сүреді. Ол тоқсан жасқа келгенде бір жас қызды көріп, оған үйленгісі келеді. Сондықтан қыздың үйіне құда түсу үшін адамдарын жібереді. Алайда қыздың ата-анасы ханның ұсынысына жауап беруге қиналады. Сонда қыз ханның адамдарына мынадай жұмбақ айтады: «Менің бағам – он қозы, жиырма бөрі, отыз нар, қырық ардагер, елу айғыр, алпыс азбан, жетпіс ноқта, сексен шідер, тоқсан дорба». Хан мен оның адамдары бұл жұмбақты шеше алмайды. Кейін бір ақылды адам оның мағынасын былай түсіндіріп береді: “Жұмбақтағы сандар адамның жасын білдіреді. Он жаста адам қозы сияқты болады. Жиырма жаста күшейеді. Отыз-қырық жаста адамның ақылы көбейеді, адамдар оны сыйлайды. Елу жаста айғыр сияқты күшті болады. Алпыс жастан кейін адамның күші азаяды. Жетпіс жаста оған көмек керек болады. Сексен жаста жүруге, тұруға қиналады. Тоқсан жаста адам ештеңе жасай алмайды”. Хан бұл сөзді естіп, қыздың жұмбағын түсінеді. Содан кейін өзінің қартайғанын мойындайды.
Есқали Нұрғалиұлы.