This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Төрт қателік
B1 - Intermediate · 175 words

Төрт қателік

Audio player
0:00 --:--
Қонақтарды шығарып салып, біз қайтадан шай дайындадық. Барлығымыз дастарқан басына отырдық. Атамның көңілі-күйі жоқ екені байқалды. Бір кезде атам маған қарап: - Дастарқаның жақсы болды, тамақтарың дәмді шығыпты. Әсіп пен сүт құйылған өкпе қонақтарға ерекше ұнады. Дәмді тағамдар жасағаныңмен, сен төрт қате жібердің, - деді. Бұл сөзді естігенде қатты ұялдым. Атам сөзін ары қарай жалғастырды: -Бірінші қатең – қонақтардың алдына қойдың басын өзің алып кірдің. Қазақ дәстүрінде қонақтың алдына әйелдің осылай кіруі дұрыс емес. Екінші қатең – қонақтарға қойдың басын тұмсығымен ұсынуың керек еді, ал сен керісінше жасадың. Үшінші қатең – қойдың тісін алмай әкелдің. Қойдың тісін алып тастау керек. Ең алдымен, бұл – тазалық. Өйткені қой шөп жейтін мал. Сондықтан оның тісінің арасында не бар екенін білмейсің. Екіншіден, мұндай дәстүр де бар. Қазақ халқы кейбір ойын сөзбен емес, осындай дәстүрлер арқылы да білдірген. Ренжіген адамыңның алдына қойдың басын қойғанда, тісін алмай беру дәстүрі болған. Сонда бас ұстаған адам оның өзіне деген ренжулі екенін түсінген. Төртінші қатең – басты қасқаламай әкелдің. Мұның да “жолың ашық болсын” деген жақсы тілекпен байланысы бар, - деп сөзін аяқтады.
Зейнеп Ахметова. «Бабалар аманатынан».