Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаяты
Audio player
0:00--:--
Kazakh Text
Ертеде Қазан ханының денесі ала бір ұлы болады. Оны кішкентай балалар «Алаша» деп айтады. Бала бұған ренжіп, өскенде басқа жерге көшіп кетеді. Ол қасына өзімен бірге жүз адам алып кетеді.
Бір жылдан кейін хан баласының хабарын білгісі келеді. Сондықтан жүз адамды баласының артынан жібереді. Алайда олар қайтып келмей, Алашаның қасында қалады. Кейін тағы жүз адам жібереді. Олар да Алашаның қасында қалып қояды.
Біраз уақыттан соң барлығы оны хан сайлап, «Алаша хан» деп атай бастайды. Алаша ханның елі аң атып, мал бағып, өмір сүрген дейді.
Уақыт өткен сайын елдегі адамдар саны көбейеді. Кейін олар үшке бөлініп кетеді. Бір бөлігі оңтүстікке барып, Ұлы жүз атанады. Бір бөлігі сол жерде қалады да, Орта жүз деп атанады. Соңғы бөлігі солтүстікке барып, Кіші жүз атанады. Осылай барлығы қазақтарды «Үш жүздің балалары» деп атап кетеді.