Қазақтардың асыл түбінің қайдан шыққанының хикаяты
Audio player
0:00--:--
Kazakh Text
Бұрынғы уақытта Қазан ханының денесі ала болып туған бір ұлы болыпты. Оны өзімен қатарлас балалар «Алаша» деп атапты. Бұған қатты ренжіген бала сол кезде ештеңе дей алмапты. Дегенмен ер жеткен кезде: «Мазақ болғанша, басқа жаққа кетейін», - деп шешіпті. Ол өзімен бірге қасына жүз жігітті алып, елден кетіп қалыпты.
Хан баласының қайда жүргенін біле алмай, қатты уайымға түсіпті. Бір жылдан кейін хан ұлының хабарын білейін деп жүз жігітті соңынан жіберіпті. Алайда жіберген жігіттері қайтып оралмапты. Содан хан тағы жүз жігітті жіберіпті. Олар да оралмай, Алашаның қасында қалып қойыпты. Кейін олардың барлығы Алашаны хан сайлап, оған «Алаша хан» деген ат беріпті. Олар далада аң аулап, мал бағып күндерін көріпті. Уақыт өте олардың саны көбейіп, әр тарапқа тарай бастапты.
Алғашқы бір жүздің ұрпағы оңтүстікке қарай кетіпті де, “Ұлы жүз баласы” деп атаныпты. Сол жерде қалған келесі жүздің ұрпақтары “Орта жүз” деп атаныпты. Соңғы қалған жүз жігіттің балалары солтүстікке қарай кетіпті де, “Кіші жүз” атаныпты. Осылайша қазірге дейін қазақтарды «Үш жүздің балалары» деп атау қалыптасып кетіпті.