Дәуіт патша өз ұлы Сүлейменді үнемі қасынан шығармай тәрбие беріпті. Әкесінің тәрбиесін көрген Сүлеймен ақылды бала болып өсіпті.
Бір күні патшаға егінші мен қойшы үлкен шағыммен келіпті. Егінші бір жыл бойы бақшасында еңбектеніп, егінін жақсы өсіргенін, бірақ көршісінің қойлары егінді басып кеткенін айтып шағым айтыпты. Ол осы егіннен тапқан ақшамен бала-шағасына көмектеспекші болғанын жеткізіпті. Алайда қойшы кінәлімін деп ойлапты. Сондықтан патша бұған ашуланып, қойларды егіншіге беруді бұйырыпты. Сол кезде патшаның жанында отырған ұлы Сүлеймен әкесіне:
- Әке, бұйрығынызды сәл жұмсартсаңыз бола ма? - депті. Әкесі:
- Сен өзің не бұйырар едің? - депті. Сонда Сүлеймен: «Егінші қойларды бір жыл бағып, олардың сүтін, жүнін және етін пайдалансын. Ал қойшы егінді дәл бұрынғыдай өсіріп, егіншіге қ айтарып бергені дұрыс. Сонда екеуі де бір-бірінің еңбегін түсінеді. Егінші мал бағудың қиындығын, ал малшы егін егудің қиындығын жақсы түсіне алады. Сондықтан олар келесі жолы бір-біріне қиянат жасамайды», - депті. Әкесі де, егінші мен қойшы да баланың әділ шешіміне риза болыпты.
Source
М. Базарбайқызы. «Базарлық: ертегілер мен аңыздар», 90-б.