This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to texts
МЫСЫҒЫМНЫҢ ЕРЛІГІ
B2 - Upper Intermediate · 112 words

МЫСЫҒЫМНЫҢ ЕРЛІГІ

Audio player
0:00 --:--
Бір күні таңертең аулаға шықсам, мысығым есіктің жанында бір нәрсені тістелеп жатыр екен. Алғашқыда мән бермедім. Жақындап барған кезде оның жылан ұстап алғанын көрдім. Жылан үйдің ауласына қайдан келгенін білмеймін. Мысығым оны байқап қалып, ұстап алған екен. Біраз уақыттан кейін жылан қозғалмай қалды. Сөйтіп, мысығым оны өлтіріп тастапты. Мен бұл жағдайға қатты таңғалдым. Өйткені бұрын мысығымның жылан аулай алатынын білмеппін. Бір жағынан, қорықтым, себебі жылан улы болуы мүмкін еді. Егер мысықты шағып алса не болар еді деп ойладым. Осы оқиғадан кейін аулаға мұқият қарайтын болдым. Сонымен қатар, үй жануарларының кейде иесін күтпеген қауіптен қорғай алатынын түсіндім. Мысығымның батылдығы мен ептілігі мені қатты таңғалдырды. Бұл оқиға менің есімде ұзақ уақыт сақталады. Сурет: https://www.newsinfo.ru/news/cat-snake-detection/899233/