This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to texts
ҚАЗАҚ НЕГЕ ЖЫЛҚЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ?
B2 - Upper Intermediate · 128 words

ҚАЗАҚ НЕГЕ ЖЫЛҚЫ ЖАҚСЫ КӨРЕДІ?

Audio player
0:00 --:--
Қазақ халқы жылқыны ежелден ерекше қадірлеген. Себебі жылқы көшпелі өмір салтында өте маңызды рөл атқарған. Бұрын қазақтар алыс жерлерге атпен барып, күнделікті тұрмыста да жылқыны кеңінен пайдаланған. Сондықтан ат қазақтың сенімді серігіне айналды. Жылқы малы санғасырдан бері көлік қана емес, халықтың байлығы мен дәулетінің белгісі ретінде бағаланады. Қазақ халқы жақсы атты ерекше бағалап, оған үлкен құрмет көрсеткен. Ел қорғаған батырлар мен атақты тұлғалардың өмірі де жылқымен тығыз байланысты болған. Сонымен қатар, жылқының еті мен сүті қазақтың дәстүрлі тағамдарының негізгі түрлерінің бірі саналады. Қымыз денсаулыққа пайдалы сусын ретінде жоғары бағаланған. Сондықтан жылқының шаруашылықтағы маңызы өте зор болған. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде, жырларында және мақал-мәтелдерінде де жылқы туралы көп айтылады. Бұл халықтың жылқыға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. Жылқы қазақ мәдениетінің, тарихының және ұлттық болмысының ажырамас бөлігі болып қала береді. Сурет: https://animals.pibig.info/30061-kazah-na-loshadi.html