Алматыдағы ең күрделі проблеманың бірі - көше кептелісі. Соңғы кезде көлік тым көбейіп кеткен. Шағын көшелердің өзінде көлік көп. Бұрын ондай байқалмайтын.
Статистикаға сүйенсек, қалада миллионға жуық көлік тіркелген, оған шеттен келетін 300-350 мың көлікті қоссақ, осыншама көлік қозғалысын реттеу шынымен қиынға түсетіні анық.
Алматы метросы қала тұрғындарына ыңғайлы болғанымен бір ғана бағытты қамтиды. Бұл мегаполиске аздық етері сөзсіз. Бұл проблеманы шешу үшін қала басшылығы түрлі идеяны іске асырып жатыр, дегенмен шешілетін түрі жоқ.
Дамыған елдерде адамдар экологиялық таза көлік түрін таңдайды, мысалы велосипедтер, электорбайктер, т.б. Одан кейін жұмыс орнының жанына үй алу, сол маңайда тұру да көлік кептелісін біршама азайтады. Ол үшін елдің тұрмыс деңгейі жоғары болуы керек және халықтың өмір сүру психологиясы түбегейлі өзгеруі қажет.
Сурет: nur.kz