This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to texts
Құлпынай тосабы. Бірінші бөлім
B2 - Upper Intermediate · 205 words

Құлпынай тосабы. Бірінші бөлім

Audio player
0:00 --:--
Кішкентай сіңлім Ақтоты бүгін таңнан бері «тосап, тосап» деп әбден мазамды алды. Интернеттен көріп қалған ба, біреуден естіген бе, әйтеуір ыстық нанға тосап жағып жегісі келген екен. Амал жоқ, дүкенге тарттым. Аяқ астындағы тастарды теуіп, ыңылдап ән айтып келемін. Биыл оныншы сынып бітірдім. Анам бағаларыма қарап бір күрсінді де, мені жаздық мектепке жазып қойды. Жаз-жаз. Өзіммен-өзім әзілдесіп қоямын. Ақтоты дүниеге келгенге дейін үйдің жалғызы едім, ауылдың шалғай бетінде тұрғандықтан, көп досым да болмады. Осылай өзімнің көңілімді өзім көтеруге үйреніп кетсем керек. Жолай Асқар кездесе кетті. Асқар – менің досым. Одан басқа Айым мен Айгүл бар. - Қайда барасың, Гүлім? - Сіңлім тосап сұрады. Үйде жоқ екен. Дүкенге бара жатырмын. Сен көшеде не істеп жүрсің? Асқар бір жымиды. - Тосапты өзің қайнатпадың ба? Бақшаларыңда құлпынай көп қой. Күліп жібердім: - Мен қайда, тосап қайнату қайда. Асүйдің быт-шытын шығаратын шығармын. Асқар бой бермеді: - ЖИ-ден рецепт сұра да, қайната бер. Есесіне жаңа бір нәрсе үйренгендей боласың. Көмектесейін бе? Асқардың жымың-жымың еткен түріне қарап, кенет өзімді керемет бір аспаз секілді сезініп кеттім. Қолымнан келер ме екен? Анам қалаға кетіп қалған, үйде сіңлім мен мысығымнан басқа ешкім жоқ. Асүйді былғап қойсам да, кешке дейін жуып үлгерермін... - Кеттік! – Асқар менің шынтағымнан ұстап, дүкеннен әрі, үйге қарай сүйрей жөнелді.