Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қу түлкі
B1 - Орта деңгей · 139 сөз

Қу түлкі

Аудио плеер
0:00 --:--
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі тұмсығын жоғары көтеріп: – Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етемін, – дейді. Жолбарыс түлкіге қарап: – Мүмкін емес, – дейді. – Сенбейсің бе? Менімен бірге орманға жүр. Ол жердегі барлық аңдар менен қорқады. Өз көзіңмен көр, – дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүреді. Жолбарысты көріп, аңдар мен құстар қорқып қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі: – Ал, енді сендің бе? Менен бәрі қорқады – деп мақтанады. – Я, сен айбарлы екенсің, – деп жолбарыс алданыпты. Vocabulary: Тұмсық – snout / muzzle Қожалық ету – to rule / to dominate Өз көзіңмен – with your own eyes (Біреудің/бір нәрсенің) алдына түсу – to go in front of smb/smth / to walk ahead of smb/smth Паңдана жүру – to walk proudly Айбарлы – imposing
Бабалар сөзі, 77 том.