Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі тұмсығын жоғары көтеріп:
– Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етемін, – дейді.
Жолбарыс түлкіге қарап:
– Мүмкін емес, – дейді.
– Сенбейсің бе? Менімен бірге орманға жүр. Ол жердегі барлық аңдар менен қорқады. Өз көзіңмен көр, – дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүреді. Жолбарысты көріп, аңдар мен құстар қорқып қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі:
– Ал, енді сендің бе? Менен бәрі қорқады – деп мақтанады.
– Я, сен айбарлы екенсің, – деп жолбарыс алданыпты.
Vocabulary:
Тұмсық – snout / muzzle
Қожалық ету – to rule / to dominate
Өз көзіңмен – with your own eyes
(Біреудің/бір нәрсенің) алдына түсу – to go in front of smb/smth / to walk ahead of smb/smth
Паңдана жүру – to walk proudly
Айбарлы – imposing