Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Мұрагерсіз патша
A2 - Базалық деңгей · 69 сөз

Мұрагерсіз патша

Аудио плеер
0:00 --:--
Баяғыда бір патша ұл бала туралы армандайды. Бір күні бір уәзір оған кеңес береді: – Арманы жоқ әйелді табыңыз. Оның дамбалын сіздің әйеліңіз кисе, ұл бала туады, - дейді. Патшаның адамдары арманы жоқ әйелді іздейді, бірақ таппайды. Барлық әйелдің бір арманы бар.Бір күні олар кедей әйелді көреді де, оны патшаға алып келеді. Патша:– Сенің арманың жоқ па? - деп сұрайды. Әйел:– Арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, - дейді.