Баяғыда бір патша ұл бала туралы армандайды. Бір күні бір уәзір оған кеңес береді:
– Арманы жоқ әйелді табыңыз. Оның дамбалын сіздің әйеліңіз кисе, ұл бала туады, - дейді. Патшаның адамдары арманы жоқ әйелді іздейді, бірақ таппайды. Барлық әйелдің бір арманы бар.Бір күні олар кедей әйелді көреді де, оны патшаға алып келеді.
Патша:– Сенің арманың жоқ па? - деп сұрайды.
Әйел:– Арманым да жоқ, дамбалым да жоқ, - дейді.