Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
«Соңғы кездесу» (үзінді)
A2 - Базалық деңгей · 85 сөз

«Соңғы кездесу» (үзінді)

Аудио плеер
0:00 --:--
Жаз өте ыстық болды. Ағаштардың жапырақтары жерге ерте түсті. Әкім екеуміз сыртта жүрдік. Сол кезде Кемел аға сөмкесін ұстап шықты. Ол Балқаш ауданына Бек Тоғысбаевпен бірге баруды ойлады. Кемел аға: – Сендерді бірге апара алмаймын, ол жердің адамдары сендерді танымайды, - деді. Біз ауылда қалдық. Оны шығарып салдық. Сапардан келген соң үнемі көңілсіз жүрді, ешкіммен сөйлеспейді. Бұл оның соңғы сапары болды. Бір күні екі әйел Кемел ағаны ішке алып кірді. – Менің бетімді бұрыңдар! деген сөзі ғана есімде қалды. Сол күні Кемел аға қайтыс болды.