Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
«Шегебай бар ма?»
A1 - Қарапайым деңгей · 122 сөз

«Шегебай бар ма?»

Аудио плеер
0:00 --:--
Біз үйде отырдық. Бір әйел есікті ашты. – Сәлеметсіздер ме? Шегебай осы үйде тұра ма? - деп сұрады. «Шегебай – менің әкем. Бұл әйел әкемді неге іздейді?» деп ойландым. Бану бөлмеден шықты да: – Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, - деді. Әйел: – Кеше сіздер жедел жәрдем шақырдыңыздар. Баланың денсаулығын білуге келдім, - деді. Мен бәрін түсіндім. Ол – 6-учаскенің кезекші дәрігері. Дәрігер Айбаршынды атымен емес, тегімен айтты. Бұрын тағы бір қызық оқиға болды. Бану мен Айбаршын ауруханада жатты. Мен әкеммен бірге ауруханаға бардым. Біз далада отырдық. Дәрігер терезеден: – Шегебай, ішке кіріңіз. Дала суық, - деді. Әкем біртүрлі болды. Дәрігер әкемді емес әйелім мен қызымды шақырып еді. Шегебай қызымның фамилиясы. Мүмкін адамның атына «ұлы» немесе «қызы» деген сөзді қосу керек шығар.