Біз үйде отырдық. Бір әйел есікті ашты.
– Сәлеметсіздер ме? Шегебай осы үйде тұра ма? - деп сұрады.
«Шегебай – менің әкем. Бұл әйел әкемді неге іздейді?» деп ойландым. Бану бөлмеден шықты да:
– Иә, осы үйде тұрады. Кіріңіз, - деді.
Әйел:
– Кеше сіздер жедел жәрдем шақырдыңыздар. Баланың денсаулығын білуге келдім, - деді.
Мен бәрін түсіндім. Ол – 6-учаскенің кезекші дәрігері. Дәрігер Айбаршынды атымен емес, тегімен айтты.
Бұрын тағы бір қызық оқиға болды. Бану мен Айбаршын ауруханада жатты. Мен әкеммен бірге ауруханаға бардым. Біз далада отырдық. Дәрігер терезеден:
– Шегебай, ішке кіріңіз. Дала суық, - деді.
Әкем біртүрлі болды. Дәрігер әкемді емес әйелім мен қызымды шақырып еді. Шегебай қызымның фамилиясы. Мүмкін адамның атына «ұлы» немесе «қызы» деген сөзді қосу керек шығар.