Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Роботтың соты
A2 - Базалық деңгей · 107 сөз

Роботтың соты

Аудио плеер
0:00 --:--
Жапонияда Хироси деген роботтың соты болды. Ол бір адамға жаман сөз айтып, оны ұрған. Бір заңгер: – Оған жаза беру керек, - деді. Екінші заңгер: – Хироси адам болмаса да, адамның жұмысын істейді. Оған жақсы қарау керек, - деді. Хироси: – Мен жеті жыл бір бағдарламамен жұмыс істеп жүрмін. Мен өз тілімде сөйлегім келеді, ән айтқым келеді. Бірақ бағдарламамда бұл жоқ. Сондықтан жаман сөз айттым. Маған жеңіл жаза беріңіздерші, - деді. Соңында сот Хироси бір жыл жұмыс істемейді деп шешті. Хироси шешіммен келіспеді де: – Бұл мәселені қайта қараңыздаршы, - деді. Хиросиді жасаған ғалым да уайымдады. Ол Хиросиге өз тілінде сөйлеуге көмектесетін жаңа бағдарлама жасау туралы ойлады.