Жапонияда Хироси деген роботтың соты болды. Ол бір адамға жаман сөз айтып, оны ұрған.
Бір заңгер:
– Оған жаза беру керек, - деді.
Екінші заңгер:
– Хироси адам болмаса да, адамның жұмысын істейді. Оған жақсы қарау керек, - деді.
Хироси:
– Мен жеті жыл бір бағдарламамен жұмыс істеп жүрмін. Мен өз тілімде сөйлегім келеді, ән айтқым келеді. Бірақ бағдарламамда бұл жоқ. Сондықтан жаман сөз айттым. Маған жеңіл жаза беріңіздерші, - деді.
Соңында сот Хироси бір жыл жұмыс істемейді деп шешті. Хироси шешіммен келіспеді де:
– Бұл мәселені қайта қараңыздаршы, - деді.
Хиросиді жасаған ғалым да уайымдады. Ол Хиросиге өз тілінде сөйлеуге көмектесетін жаңа бағдарлама жасау туралы ойлады.