Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Жиренше
A2 - Базалық деңгей · 204 сөз

Жиренше

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Жиренше ханның үйінде отырған екен. Бір адам ханға піскен қаздың етін сыйға алып келіпті. Сонда хан Жиреншеге: – Сен сөзге шеберсің, әр нәрсеге де шебер шығарсың. Мына қаздың етін маған, ханымға, екі ханзадаға, екі қаныкейге және өзіңе, яғни жеті адамға бөліп бер, – депті. Сонда Жиренше пышағын алып, қаздың басын кесіп: – Міне, сіз әрі хансыз, әрі халықтың басысыз. Бұл басты сізден басқа кім жейді? – деп, басты ханға береді. Екі аяғын кесіп, екі ханзадаға: – Сіздер әкелеріңіздің ізін басып, хан боласыздар, – дейді. Екі қанатын кесіп, екі қаныкейге: – Сіздер шетелге осы екі қанатпен ұшасыздар, – дейді. Қаздың артқы жағын кесіп, бәйбішеге: – Сіз әрі ханымсыз, әрі бәйбішесіз. Бұл – қаздың жаясы. Мұны сізден басқа кім жейді? – дейді. – Мен қаздың басын алмаймын, хан емеспін. Жаяны да алмаймын, ханым емеспін. Аяқты да алмаймын, ханзада емеспін. Қанатты да алмаймын, қаныкей емеспін. Маған қаздың ортасы да болады, – деп, қаздың бар етін алып, үйіне кетіпті. Сөздік: қаз - goose шебер - skilful; skilled ханзада - prince; a khan’s son қаныкей - a khan’s daughter; princess бәйбіше - wife; senior wife in a polygamous household жая - rump; here, the rear part of a goose ізін басу - to follow in someone’s footsteps
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 42-б.