Бишара шал орманнан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтты. Шал шаршады, отынды үйіне апаруға шамасы келмеді. Ол арқасындағы отынды жерге тастап:
– Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берші! – деді.
Өлім шалға келіп:
– Не үшін мені шақырдың, шал? – деп сұрады.
Шал өлімнен қорқып:
– Мына отынды көтеруге көмек берер ме екен деп, шақырып едім... – деді.
Сөздік:
бишара - poor; pitiable
бір арқа - a backload; as much as one can carry on one’s back
шөпшек - dry twigs; brushwood
отын - firewood
шамасы келмеу - to be unable to; to lack the strength
өлім - death
көтеру - to lift; to carry