This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Шал мен өлім
B1 - Intermediate · 108 words

Шал мен өлім

Audio player
0:00 --:--
Бишара шал орманнан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтты. Шал шаршады, отынды үйіне апаруға шамасы келмеді. Ол арқасындағы отынды жерге тастап: – Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берші! – деді. Өлім шалға келіп: – Не үшін мені шақырдың, шал? – деп сұрады. Шал өлімнен қорқып: – Мына отынды көтеруге көмек берер ме екен деп, шақырып едім... – деді. Сөздік: бишара - poor; pitiable бір арқа - a backload; as much as one can carry on one’s back шөпшек - dry twigs; brushwood отын - firewood шамасы келмеу - to be unable to; to lack the strength өлім - death көтеру - to lift; to carry
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 165–166-б.