Ертеде алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі:
– Сенің құйрығың жоқ, – деп күліпті.
Сол кезде шолақ түлкі: «Мен осы бес түлкінің құйрықтарын шолақ етіп, өзім сияқты етемін», – деп ойлайды. Сонда бес түлкіге:
– Біз бір ойын ойнайық! – дейді.
Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарынан байлайды. Өзі биік таудың басына шығып:
– Мына жақта бүркітшілер келе жатыр! – деп, қашады.
Сонда бес түлкі де қашпақ болып, құйрықтарын үзіп алады. Енді бәрінің де құйрығы шолақ болады. Содан кейін шолақ түлкіні ешкім мазақтамайды, оған күлмейді екен.
Сөздік:
шолақ - short; truncated
шолақ ету - to make short; to shorten
алып келу - to bring
қарағай - pine tree
басына шығу - to climb to the top
бүркітші - eagle hunter
үзіп алу - to tear off
мазақтау - to mock; to make fun of
Дереккөз
Бабалар сөзі. 73-том: Хайуанаттар туралы ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 112-б.