This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Алты түлкі
B1 - Intermediate · 140 words

Алты түлкі

Audio player
0:00 --:--
Ертеде алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: – Сенің құйрығың жоқ, – деп күліпті. Сол кезде шолақ түлкі: «Мен осы бес түлкінің құйрықтарын шолақ етіп, өзім сияқты етемін», – деп ойлайды. Сонда бес түлкіге: – Біз бір ойын ойнайық! – дейді. Түлкілерді алып келіп, қарағайға құйрықтарынан байлайды. Өзі биік таудың басына шығып: – Мына жақта бүркітшілер келе жатыр! – деп, қашады. Сонда бес түлкі де қашпақ болып, құйрықтарын үзіп алады. Енді бәрінің де құйрығы шолақ болады. Содан кейін шолақ түлкіні ешкім мазақтамайды, оған күлмейді екен. Сөздік: шолақ - short; truncated шолақ ету - to make short; to shorten алып келу - to bring қарағай - pine tree басына шығу - to climb to the top бүркітші - eagle hunter үзіп алу - to tear off мазақтау - to mock; to make fun of
Бабалар сөзі. 73-том: Хайуанаттар туралы ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 112-б.