Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі тұмсығын жоғары көтеріп:
– Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етемін, – дейді.
Жолбарыс түлкіге қарап:
– Мүмкін емес, – дейді.
– Сенбейсің бе? Менімен бірге орманға жүр. Ол жердегі барлық аңдар менен қорқады. Өз көзіңмен көр, – дейді түлкі.
Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүреді. Жолбарысты көріп, аңдар мен құстар қорқып қашады. Бірі ұялары мен індеріне тығылады, бірі аспанға ұшады. Ал қу түлкі:
– Ал, енді сендің бе? Менен бәрі қорқады, – деп мақтанады.
– Иә, сен айбарлы екенсің, – дейді жолбарыс. Сөйтіп, ол түлкіге алданып қалады.
Сөздік:
тұмсық - snout; muzzle
қожалық ету - to rule; to be in charge of
өз көзіңмен - with your own eyes
алдына түсу - to go ahead of someone
паңдана жүру - to strut; to walk proudly
тығылу - to hide
айбарлы - formidable; imposing
мақтану - to boast
Дереккөз
«Қу түлкі». Қазақ халық ертегісі. Soyle.kz, электрондық мәтін.