This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Қу түлкі
B1 - Intermediate · 148 words

Қу түлкі

Audio player
0:00 --:--
Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі тұмсығын жоғары көтеріп: – Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етемін, – дейді. Жолбарыс түлкіге қарап: – Мүмкін емес, – дейді. – Сенбейсің бе? Менімен бірге орманға жүр. Ол жердегі барлық аңдар менен қорқады. Өз көзіңмен көр, – дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүреді. Жолбарысты көріп, аңдар мен құстар қорқып қашады. Бірі ұялары мен індеріне тығылады, бірі аспанға ұшады. Ал қу түлкі: – Ал, енді сендің бе? Менен бәрі қорқады, – деп мақтанады. – Иә, сен айбарлы екенсің, – дейді жолбарыс. Сөйтіп, ол түлкіге алданып қалады. Сөздік: тұмсық - snout; muzzle қожалық ету - to rule; to be in charge of өз көзіңмен - with your own eyes алдына түсу - to go ahead of someone паңдана жүру - to strut; to walk proudly тығылу - to hide айбарлы - formidable; imposing мақтану - to boast
«Қу түлкі». Қазақ халық ертегісі. Soyle.kz, электрондық мәтін.