Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Байдың құны
B1 - Орта деңгей · 93 сөз

Байдың құны

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір бай Қожанасырды сынағысы келеді: – Менің құным қанша тұрады? – деп сұрайды. Қожа оның үстіне қарап: – Сіздің құныңыз елу сом, – дейді. Бай бұған тас-талқан болады: – Не деп тұрсың? Мына менің шапаным ғана елу сом тұрады! – Байеке, мен де соны айтып тұрмын ғой! – депті Қожа. Сөздік: сынау - to test құн - value; worth үстіне қарау - to look at what someone is wearing тас-талқан болу - to become furious; to fly into a rage шапан - a traditional long robe сом - som; an old monetary unit
Бабалар сөзі. 98-том: Күлдіргі әңгімелер. Астана: Фолиант, 2013. 75-б. «Байдың құны».