Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Ханды жеңген қожа
B1 - Орта деңгей · 151 сөз

Ханды жеңген қожа

Аудио плеер
0:00 --:--
Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен кезде бір адам көшіп келе жатқанда, оның малы егінді жеп қойыпты. Егінші мен мал иесі ханға келіп, егінші: – Мынаның малы егінімді жеп қойды, – дейді. Анау: – Рас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Басқа қайда қонамын? Көргенім жоқ, малым жеп қойды, – дейді. Хан: – Жындысың ба? Елдің жолына неге егін салдың, жұрттың жолмен жүретінін білмедің бе? – дейді. Егінші: – Сен өзің әйеліңмен бірге балалы болғанда, балаңның өлерін білмедің бе? – деп, жүріп кетіпті. Ханның жалғыз баласы сол кезде ғана қайтыс болған екен дейді. Содан соң хан баласының өлгеніне ренжігенін қойып, тәуба қылыпты. Сөздік: егінші - farmer егін - crop; cultivated field көшіп келе жату - to travel during a seasonal migration қараңғы - darkness ренжу - to be upset; to grieve тәуба қылу - to accept one’s fate; to turn to God
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 302-б.