Бұрынғы заманда бір адам жол үстіне егін салыпты. Сол егін піскен кезде бір адам көшіп келе жатқанда, оның малы егінді жеп қойыпты. Егінші мен мал иесі ханға келіп, егінші:
– Мынаның малы егінімді жеп қойды, – дейді. Анау:
– Рас, жолмен көшіп келе жатып, қараңғыда жолдан бұрылмай, жол үстіне қондым. Басқа қайда қонамын? Көргенім жоқ, малым жеп қойды, – дейді. Хан:
– Жындысың ба? Елдің жолына неге егін салдың, жұрттың жолмен жүретінін білмедің бе? – дейді. Егінші:
– Сен өзің әйеліңмен бірге балалы болғанда, балаңның өлерін білмедің бе? – деп, жүріп кетіпті. Ханның жалғыз баласы сол кезде ғана қайтыс болған екен дейді. Содан соң хан баласының өлгеніне ренжігенін қойып, тәуба қылыпты.
Сөздік:
егінші - farmer
егін - crop; cultivated field
көшіп келе жату - to travel during a seasonal migration
қараңғы - darkness
ренжу - to be upset; to grieve
тәуба қылу - to accept one’s fate; to turn to God