Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Қожаның айды аспанға шығаруы
B1 - Орта деңгей · 131 сөз

Қожаның айды аспанға шығаруы

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа су алатын қауғасын салады. Қауғасы құдықтың шетіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа: – Бұған не болды екен? – деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң: – Е, қауғам айға ілініп қалған екен ғой, – деп ойлайды. Содан кейін құдықтың ернеуіне табанын тіреп, қауғаны бар пәрменімен тартып қалады. Қауғасы кілт шығып кетеді. Қожа шалқасынан құлайды. Сол кезде Қожа аспанда тұрған айды көреді. Сонда ол: – Уһ, не болса да, әйтеуір, айды аспанға бір шығардым-ау, – дейді. Сөздік: қауға - bucket for drawing water from a well құдық - well ернеу - rim; edge бар пәрменімен - with all one’s strength шалқасынан құлау - to fall backwards айдың сәулесі - reflection of the moon
Бабалар сөзі. 77-том: Сатиралық ертегілер. Астана: Фолиант, 2011. 315–316-б.