Бір күні түнде Қожа шөлдейді. Құдықтан су алып, ішпек болады. Құдыққа су алатын қауғасын салады. Қауғасы құдықтың шетіне ілініп қалады. Әрі-бері тартып, шығара алмайды. Сонан кейін Қожа:
– Бұған не болды екен? – деп, еңкейіп, құдықтың түбіне үңіледі. Онда айдың сәулесін көреді. Сонан соң:
– Е, қауғам айға ілініп қалған екен ғой, – деп ойлайды. Содан кейін құдықтың ернеуіне табанын тіреп, қауғаны бар пәрменімен тартып қалады. Қауғасы кілт шығып кетеді. Қожа шалқасынан құлайды. Сол кезде Қожа аспанда тұрған айды көреді. Сонда ол:
– Уһ, не болса да, әйтеуір, айды аспанға бір шығардым-ау, – дейді.
Сөздік:
қауға - bucket for drawing water from a well
құдық - well
ернеу - rim; edge
бар пәрменімен - with all one’s strength
шалқасынан құлау - to fall backwards
айдың сәулесі - reflection of the moon