Зылиха мен Бәтима бір адамның қызметінде жүреді. Бір күні екі қыз төбелеріне бір-бір жәшік жеміс қойып, қалаға келе жатады. Зылиха шаршап, ауыр жүкке шағымданады. Ал Бәтима күліп, әзілдесіп келеді.
– Сен неге қуанып келесің? – деп сұрайды Зылиха. – Сенің жәшігің де менікінен жеңіл емес. Өзің де менен күшті емессің ғой.
– Мен жәшігімнің ішіне ауыр жүкті жеңілдететін бір шөп салдым, – дейді Бәтима.
– Онда сол шөптің атын айтшы. Мен де жүгімді жеңілдетейін, – дейді Зылиха.
– Ол шөп сенің қолыңа түсе ме екен? Оның аты – сабыр, – деп жауап береді Бәтима.
Бәтима сабырды «асыл шөп» деп атаған екен.
Сөздік:
жәшік - box; crate
жүк - load; burden
шағымдану - to complain
әзілдесу - to joke; to chat playfully
жеңілдету - to make lighter; to ease
сабыр - patience
асыл - precious; valuable
Дереккөз
Ыбырай Алтынсарин. «Асыл шөп». Wikisource, электрондық мәтін.