This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Асыл шөп
B1 - Intermediate · 135 words

Асыл шөп

Audio player
0:00 --:--
Зылиха мен Бәтима бір адамның қызметінде жүреді. Бір күні екі қыз төбелеріне бір-бір жәшік жеміс қойып, қалаға келе жатады. Зылиха шаршап, ауыр жүкке шағымданады. Ал Бәтима күліп, әзілдесіп келеді. – Сен неге қуанып келесің? – деп сұрайды Зылиха. – Сенің жәшігің де менікінен жеңіл емес. Өзің де менен күшті емессің ғой. – Мен жәшігімнің ішіне ауыр жүкті жеңілдететін бір шөп салдым, – дейді Бәтима. – Онда сол шөптің атын айтшы. Мен де жүгімді жеңілдетейін, – дейді Зылиха. – Ол шөп сенің қолыңа түсе ме екен? Оның аты – сабыр, – деп жауап береді Бәтима. Бәтима сабырды «асыл шөп» деп атаған екен. Сөздік: жәшік - box; crate жүк - load; burden шағымдану - to complain әзілдесу - to joke; to chat playfully жеңілдету - to make lighter; to ease сабыр - patience асыл - precious; valuable
Ыбырай Алтынсарин. «Асыл шөп». Wikisource, электрондық мәтін.