Түн болды. Мен төсекте жатқанмын. Бір кезде есік ашылды. Қараңғы бөлмеге апам кірді.
Ол төрде ұйықтап жатқан көкеме қарады. Көкем қатты қорылдап жатты.
– Оразбай әлі келмеді? – дедім.
– Жабайжан, ояусың ба? – деді апам
– Иә, ояумын, - дедім
Апам менің қасыма отырды. Ол менің басымнан сипады.
Мен апама:
– Оразбай жұмыстан шаршап келеді. Ол түнде неге жатпайды? – дедім.
Апам күлді.
– Ол жиырма жастағы жігіт. Жабайжан, сен оған неге ренжисің? – деді.
Мен:
– Ол түнде үйге кеш келеді. Киімі де суық болады. Мен енді онымен бірге жатпаймын, – дедім.
Апам тағы күлді. Ол шашымнан сипады, саусақтарымен мұрнымды қысты. Содан кейін апам:
– Мен көп жұмыс жасаймын. Маған жаның аши ма? - деді
– Ашиды, - дедім.
– Сенің жасыңда бұрын адамдар үйленіп, келін әкелетін, – деді апам.
Мен апамның сөзін толық түсінбедім.