This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Жиырма жас
A2 - Elementary · 137 words

Жиырма жас

Audio player
0:00 --:--
Түн болды. Мен төсекте жатқанмын. Бір кезде есік ашылды. Қараңғы бөлмеге апам кірді. Ол төрде ұйықтап жатқан көкеме қарады. Көкем қатты қорылдап жатты. – Оразбай әлі келмеді? – дедім. – Жабайжан, ояусың ба? – деді апам – Иә, ояумын, - дедім Апам менің қасыма отырды. Ол менің басымнан сипады. Мен апама: – Оразбай жұмыстан шаршап келеді. Ол түнде неге жатпайды? – дедім. Апам күлді. – Ол жиырма жастағы жігіт. Жабайжан, сен оған неге ренжисің? – деді. Мен: – Ол түнде үйге кеш келеді. Киімі де суық болады. Мен енді онымен бірге жатпаймын, – дедім. Апам тағы күлді. Ол шашымнан сипады, саусақтарымен мұрнымды қысты. Содан кейін апам: – Мен көп жұмыс жасаймын. Маған жаның аши ма? - деді – Ашиды, - дедім. – Сенің жасыңда бұрын адамдар үйленіп, келін әкелетін, – деді апам. Мен апамның сөзін толық түсінбедім.
Т. Нұрмағанбетов.