Бір күні Абайдың үйіне бірнеше үлкен адам келеді. Олар әңгіме айтады.
Сол кезде Қиясбай үйге кіреді. Бірақ ешкім оған қарамайды.
Қиясбай біраз тұрады. Содан кейін дауыстап:
– Абай ағама келдім. Жеке жұмысым бар. Бәріңіз сыртқа шығыңыздар! – дейді.
Үйдегі адамдар таңқалады. Олар Абайға қарайды.
Абай:
– Қиясбаймен жеке қалуым керек. Сіздер шығыңыздар,- дейді.
Адамдар сыртқа шығады.
Абай Қиясбайдан:
– Не болды, Қиясжан?-деп сұрайды.
Қиясбай:
– Абай аға, маған ренжімеңіз. Ана адамдар мені сыйламады. Маған адам деп қарамады. Менің де күшім бар. Сондықтан әдейі солай айттым,-дейді.
Абай оның сөзіне күледі.
– Қияс, тапқырлығың ұнады. Саған қой беремін. Алып кетесің бе?-дейді.
Қиясбай:
– Алып кетемін. Сіз бір емес, бірнеше қой бересіз,-дейді.
Абай қатты күледі.
Содан кейін Қиясбайға бір емес, он шақты қой береді.
Дереккөз
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 96: Ауызекі әңгімелер. – 432 б.