This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
Абай мен Қиясбай (үзінді)
A1 - Beginner · 121 words

Абай мен Қиясбай (үзінді)

Audio player
0:00 --:--
Бір күні Абайдың үйіне бірнеше үлкен адам келеді. Олар әңгіме айтады. Сол кезде Қиясбай үйге кіреді. Бірақ ешкім оған қарамайды. Қиясбай біраз тұрады. Содан кейін дауыстап: – Абай ағама келдім. Жеке жұмысым бар. Бәріңіз сыртқа шығыңыздар! – дейді. Үйдегі адамдар таңқалады. Олар Абайға қарайды. Абай: – Қиясбаймен жеке қалуым керек. Сіздер шығыңыздар,- дейді. Адамдар сыртқа шығады. Абай Қиясбайдан: – Не болды, Қиясжан?-деп сұрайды. Қиясбай: – Абай аға, маған ренжімеңіз. Ана адамдар мені сыйламады. Маған адам деп қарамады. Менің де күшім бар. Сондықтан әдейі солай айттым,-дейді. Абай оның сөзіне күледі. – Қияс, тапқырлығың ұнады. Саған қой беремін. Алып кетесің бе?-дейді. Қиясбай: – Алып кетемін. Сіз бір емес, бірнеше қой бересіз,-дейді. Абай қатты күледі. Содан кейін Қиясбайға бір емес, он шақты қой береді.
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 96: Ауызекі әңгімелер. – 432 б.