Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Абай мен Қиясбай (үзінді)
A2 - Базалық деңгей · 140 сөз

Абай мен Қиясбай (үзінді)

Аудио плеер
0:00 --:--
Бір күні Тобықтының бірнеше беделді адамы Абайдың үйіне жиналады. Олар әңгімелесіп отырады. Сол кезде Қиясбай үйге кіріп келеді. Бірақ адамдар оған назар аудармайды. Қиясбай біраз уақыт үнсіз тұрады да, дауыстап: – Абай ағаммен жеке сөйлесуім керек. Бәріңіз сыртқа шыға тұрыңыздар!-дейді. Үйдегі адамдар оның сөзіне таңқалады. Олар бір-біріне қарап, кейін Абайға қарайды. Абай: – Қиясбайдың менімен жеке сөйлесетін шаруасы болса, сыртқа шыға тұрыңыздар,-дейді. Адамдар амалсыздан сыртқа шығады. Абай Қиясбай екеуі қалған кезде: – Не болды, Қиясжан?-деп сұрайды. Қиясбай: – Абай аға, маған ренжімеңіз. Жаңағы адамдар мені адам сияқты сыйламады. Мен оларға күшімді көрсеткім келді. Сондықтан әдейі солай айттым, -дейді. Абай оның сөзіне қатты күледі. – Қияс, тапқырлығың маған ұнады. Саған қой берейін. Алып кете аласың ба? – дейді. Қиясбай күлімсіреп: – Алып кетемін. Сіз бір емес, бірнеше қой бересіз,-дейді. Абай қатты күледі. Содан кейін Қиясбайға бір емес, он шақты қой береді.
Бабалар сөзі: Жүзтомдық. – Астана: «Фолиант», 2013. Т. 96: Ауызекі әңгімелер. – 432 б.