Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Орынды кеңес
A1 - Қарапайым деңгей · 103 сөз

Орынды кеңес

Аудио плеер
0:00 --:--
Есенбай – Қапаздың інілерінің бірі. Ол – директор. Бір күні Қапаз Есенбайды кездестіреді. – Шаруаң қалай? – деп сұрайды Қапаз. – Шаруа жақсы емес. Жақында облыстың басшысы келеді. Ол шаруашылықты көреді. Ол: «Неге шаруа нашар?» -деп сұрайды. Не айтамын? Маған кеңес беріңізші, -дейді Есенбай. Қапаз: – Өзің не айтасың?- деп сұрайды. Есенбай: – Бір кемшілік анадан болды, бір кемшілік мынадан болды,-деп басқа адамдарды кінәлайды. Қапаз: – Олай айту дұрыс емес. Сен директорсың. Шаруаға сен жауаптысың. Басқаларды кінәлама. Шаруаны жақсы жасауға тырыс, – дейді. Есенбай күліп: – Қапеке, сіздің сөзіңіз дұрыс,- дейді. Қапаз: – Ендеше, жұмысыңды жақсы істе. Кінәліні іздеме,-дейді. Есенбай ағасының кеңесін түсінеді.
Берік Садыр. «Ауылдың айтқыштары».