Есенбай – Қапаздың інілерінің бірі. Ол – директор.
Бір күні Қапаз Есенбайды кездестіреді.
– Шаруаң қалай? – деп сұрайды Қапаз.
– Шаруа жақсы емес. Жақында облыстың басшысы келеді. Ол шаруашылықты көреді. Ол: «Неге шаруа нашар?» -деп сұрайды. Не айтамын? Маған кеңес беріңізші, -дейді Есенбай.
Қапаз:
– Өзің не айтасың?- деп сұрайды.
Есенбай:
– Бір кемшілік анадан болды, бір кемшілік мынадан болды,-деп басқа адамдарды кінәлайды.
Қапаз:
– Олай айту дұрыс емес. Сен директорсың. Шаруаға сен жауаптысың. Басқаларды кінәлама. Шаруаны жақсы жасауға тырыс, – дейді.
Есенбай күліп:
– Қапеке, сіздің сөзіңіз дұрыс,- дейді.
Қапаз:
– Ендеше, жұмысыңды жақсы істе. Кінәліні іздеме,-дейді.
Есенбай ағасының кеңесін түсінеді.