Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Орынды кеңес
B2 - Ортадан жоғары · 146 сөз

Орынды кеңес

Аудио плеер
0:00 --:--
Қапаздың інілерінің бірі – Есенбай ауыл директоры болып тағайындалыпты. Кейін Қапаз оған кездескенде: - Шаруаң қалай?-деп сұрайды. -Қапеке, шаруа келіспей жатыр. Аудан басшылары оның жайын біліп жүр ғой. Облыстың бірінші басшысы жуықта шаруашылықты аралайтын көрінеді. Бастық келіп: - «Директор жолдас, шаруаң нашар екен, бұған кім кінәлі?»-деп кейісе, не деймін. Соған кеңес беріңізші,- дейді директор інісі. - Өзің айтшы, не дегің келеді?-деп, Қапаз директордың ойы байыпты емес екенін түсіне қояды. Сонда жаңағы директор: - Кемшілік анадан болды, мынадан болды, - деп, айналасындағыларды жамандай бастайды. - Мына жауабыңмен, директор-ау, жұртқа жеккөрінішті болмайсың ба? Сосын сенің шаруаң қалай оңады. Онан да мендей қолынан іс келмейтін адамды ауылға директор етіп жіберген, басеке, кемшілікке сіз жауаптысыз деп қара да отыр. - Ойбай, Қапеке-ау, онда мені ол таза құртады ғой,-деп қарқ-қарқ күліпті директор. - Ендеше, шаруаңды түзе, ешкімнен кінә іздеме. - Мынау кеңесіңізді алайын, - деп, директор ағасының орынды кеңесін түсінсе керек.
Берік Садыр. «Ауылдың айтқыштары».