Қапаздың інілерінің бірі – Есенбай ауыл директоры болып тағайындалыпты. Кейін Қапаз оған кездескенде:
- Шаруаң қалай?-деп сұрайды.
-Қапеке, шаруа келіспей жатыр. Аудан басшылары оның жайын біліп жүр ғой. Облыстың бірінші басшысы жуықта шаруашылықты аралайтын көрінеді.
Бастық келіп: - «Директор жолдас, шаруаң нашар екен, бұған кім кінәлі?»-деп кейісе, не деймін. Соған кеңес беріңізші,- дейді директор інісі.
- Өзің айтшы, не дегің келеді?-деп, Қапаз директордың ойы байыпты емес екенін түсіне қояды.
Сонда жаңағы директор:
- Кемшілік анадан болды, мынадан болды, - деп, айналасындағыларды жамандай бастайды.
- Мына жауабыңмен, директор-ау, жұртқа жеккөрінішті болмайсың ба? Сосын сенің шаруаң қалай оңады. Онан да мендей қолынан іс келмейтін адамды ауылға директор етіп жіберген, басеке, кемшілікке сіз жауаптысыз деп қара да отыр.
- Ойбай, Қапеке-ау, онда мені ол таза құртады ғой,-деп қарқ-қарқ күліпті директор.
- Ендеше, шаруаңды түзе, ешкімнен кінә іздеме.
- Мынау кеңесіңізді алайын, - деп, директор ағасының орынды кеңесін түсінсе керек.