Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Мал тілін білуші
A2 - Базалық деңгей · 257 сөз

Мал тілін білуші

Аудио плеер
0:00 --:--
Баяғыда бір адам Сүлеймен пайғамбарға барады. Ол жануарлардың тілін үйренеді. Үйіне қайтар кезде Сүлеймен пайғамбар оған: – Жануарлардың тілі туралы ешкімге айтпа. Егер бұл туралы айтсаң, өлесің,- дейді. Адамның екі өгізі, бір есегі, бір аты және жиырма шақты тауығы болады. Бір күні ол әйелімен бірге үйден шығады. Сол кезде есек өгізге: – Сенің жұмысың өте қиын. Күнде жер жыртасың. Менің кеңесімді тыңда. Ауру сияқты бол. Шөп жемей, су ішпей қой. Сонда сені жұмысқа апармайды, – дейді. Адам бұл сөздерді естіп, күледі. Әйелі: – Неге күлдіңіз? – деп сұрайды. Бірақ адам әйеліне себебін айтпайды. Келесі күні өгіздің біреуі ауырып қалады. Ол шөп жемей, су ішпей жатады. Байдың көмекшісі бұл туралы байға айтады. Бай: – Өгіздің орнына есекті апар,-дейді. Байдың қосшысы есекті өгізбен бірге жер жыртуға апарады. Есек таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Жұмысшы оны қатты ұрады. Кешке есек үйге қайтады. Үйде қалған өгіз: – Досым, қалайсың?- деп сұрайды. Есек: – Маған ештеңе болмайды, саған қиын болады. Байдың көмекшісі саған ашуланды. Бүгін шөп жемесе, түнде соямын,-деді. Бай сұраса, ауруынан өлді, деп айтамын,-деді. Адам олардың сөзін естіп, тағы да күледі. Әйелі: – Неге күлдіңіз? Айтыңызшы, -дейді. Адам: – Егер бұл құпияны айтсам, өлемін,-деп жауап береді. Әйелі: – Өлсеңіз де, айтыңыз,- дейді. Сонда адам сыртқа шығады. Далада иттің тауықтарға сөйлеп тұрғанын естиді. Ит: – Сендер неге қуанып жүрсіңдер? Бүгін сендердің иелерің өледі, -дейді. Сонда қораз: – Оның әйеліне шамасы жетпейді. Егер ол әйелін ұрса, әйелі ешқашан бұл құпияны сұрамайды. Сонда ол тірі қалады,- дейді. Адам қораздың сөзін естиді. Үйге кіріп, әйелін ұрады. Ұрған соң, әйелі қайтып сұрамайтын болып, өзі тірі қалды.
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924 ж. – 88б.