Kazakh Text
Баяғыда бір адам Сүлеймен пайғамбарға барады. Ол жануарлардың тілін үйренеді. Үйіне қайтар кезде Сүлеймен пайғамбар оған:
– Жануарлардың тілі туралы ешкімге айтпа. Егер бұл туралы айтсаң, өлесің,- дейді.
Адамның екі өгізі, бір есегі, бір аты және жиырма шақты тауығы болады.
Бір күні ол әйелімен бірге үйден шығады. Сол кезде есек өгізге:
– Сенің жұмысың өте қиын. Күнде жер жыртасың. Менің кеңесімді тыңда. Ауру сияқты бол. Шөп жемей, су ішпей қой. Сонда сені жұмысқа апармайды, – дейді.
Адам бұл сөздерді естіп, күледі. Әйелі: – Неге күлдіңіз? – деп сұрайды.
Бірақ адам әйеліне себебін айтпайды.
Келесі күні өгіздің біреуі ауырып қалады. Ол шөп жемей, су ішпей жатады. Байдың көмекшісі бұл туралы байға айтады.
Бай: – Өгіздің орнына есекті апар,-дейді.
Байдың қосшысы есекті өгізбен бірге жер жыртуға апарады. Есек таңертеңнен кешке дейін жұмыс істейді. Жұмысшы оны қатты ұрады.
Кешке есек үйге қайтады. Үйде қалған өгіз: – Досым, қалайсың?- деп сұрайды.
Есек: – Маған ештеңе болмайды, саған қиын болады. Байдың көмекшісі саған ашуланды. Бүгін шөп жемесе, түнде соямын,-деді. Бай сұраса, ауруынан өлді, деп айтамын,-деді.
Адам олардың сөзін естіп, тағы да күледі. Әйелі: – Неге күлдіңіз? Айтыңызшы, -дейді.
Адам: – Егер бұл құпияны айтсам, өлемін,-деп жауап береді.
Әйелі: – Өлсеңіз де, айтыңыз,- дейді.
Сонда адам сыртқа шығады. Далада иттің тауықтарға сөйлеп тұрғанын естиді.
Ит: – Сендер неге қуанып жүрсіңдер? Бүгін сендердің иелерің өледі, -дейді.
Сонда қораз:
– Оның әйеліне шамасы жетпейді. Егер ол әйелін ұрса, әйелі ешқашан бұл құпияны сұрамайды. Сонда ол тірі қалады,- дейді.
Адам қораздың сөзін естиді. Үйге кіріп, әйелін ұрады. Ұрған соң, әйелі қайтып сұрамайтын болып, өзі тірі қалды.