Сайт әзірлену үстінде — кейбір мүмкіндіктер әлі толық жұмыс істемеуі мүмкін.
Адаптацияланған мәтіндерге оралу
Мал тілін білуші
B1 - Орта деңгей · 286 сөз

Мал тілін білуші

Аудио плеер
0:00 --:--
Ертеде бір адам Сүлеймен пайғамбарға барып, барлық жануарлардың тілін үйреніп алады. Үйіне қайтар алдында Сүлеймен пайғамбар оған: – Жануарлардың тілін білетініңді ешкімге айтпа. Егер бұл сырыңды біреуге айтсаң, өміріңе қауіп төнеді, -деп ескертеді. Ол адамның екі өгізі, бір есегі, бір аты және жиырма шақты тауығы бар екен. Бір күні ол әйелімен бірге үйден шығып бара жатқанда, есек өгізге: – Сенің жағдайың өте қиын. Күнде жұмыс істейсің. Менің айтқанымды тыңдасаң, күн демаласың. Ауырып қалған сияқты бол. Шөп жемей, су ішпей қойсаң, сені жұмысқа алмайды,- дейді. Адам бұл әңгімені естіп, күліп жібереді. Әйелі: – Неге күлдіңіз?- деп сұрайды. Алайда адам оның себебін түсіндірмейді. Келесі күні өгіздің біреуі шөп жемей, су ішпей, ауырып жатқандай болады. Жұмысшы бұл жағдайды байға айтып: – Өгіздің біреуі ауырып қалыпты,- дейді. Сонда бай: – Оның орнына есекті алып бар, - деп бұйырады. Жұмысшы есекті өгізбен бірге жер жыртуға қосады. Есек таңертеңнен кешке дейін ауыр жұмыс істейді. Сонымен қатар жұмысшы оны қатты ұрады. Кешке есек үйге оралғанда, қорада қалған өгіз: – Досым, жағдайың қалай?- деп сұрайды. Сонда есек айтты: «Маған ештеңе болмайды, саған қиын болады. Байдың көмекшісі саған ашуланып келді. Бүгін шөп жемесе, түнде соямын,-деді. Бай сұраса, ауруынан өлді, деп айтамын»,- деді. Бай бұл әңгімені де естіп, күледі. Әйелі оның неге күлгенін тағы сұрайды. – Бұл құпияны айтсам, өлемін,- дейді адам. Бірақ әйелі: – Өлсеңіз де, шындықты айтыңыз,-деп талап етеді. Сонда адам далаға шығады. Ол иттің тауықтарға: – Сендер неге қуанып жүрсіңдер? Сендерді бағатын адам бүгін өледі, – деп айтып тұрғанын естиді. Сол кезде қораз: – Өле берсін,-дейді. Ол әйелінің сөзінен шыға алмайды. Егер әйелін ұрса, ол енді құпияны сұрамайды. Сонда ол өз өмірін сақтап қалады,- дейді. Бай қораздың сөзін естіп, үйіне қайтады. Ол әйелін ұрады. Ұрған соң, әйелі қайтып сұрамайтын болып, өзі тірі қалды.
А.Диваев. Тарту (жинақ). – Ташкент: Қазақ мемлекет баспасы, 1924 ж. – 88б.