Kazakh Text
Ертеде бір адам Сүлеймен пайғамбарға барып, барлық жануарлардың тілін үйреніп алады. Үйіне қайтар алдында Сүлеймен пайғамбар оған: – Жануарлардың тілін білетініңді ешкімге айтпа. Егер бұл сырыңды біреуге айтсаң, өміріңе қауіп төнеді, -деп ескертеді.
Ол адамның екі өгізі, бір есегі, бір аты және жиырма шақты тауығы бар екен.
Бір күні ол әйелімен бірге үйден шығып бара жатқанда, есек өгізге:
– Сенің жағдайың өте қиын. Күнде жұмыс істейсің. Менің айтқанымды тыңдасаң, күн демаласың. Ауырып қалған сияқты бол. Шөп жемей, су ішпей қойсаң, сені жұмысқа алмайды,- дейді.
Адам бұл әңгімені естіп, күліп жібереді. Әйелі: – Неге күлдіңіз?- деп сұрайды.
Алайда адам оның себебін түсіндірмейді.
Келесі күні өгіздің біреуі шөп жемей, су ішпей, ауырып жатқандай болады. Жұмысшы бұл жағдайды байға айтып:
– Өгіздің біреуі ауырып қалыпты,- дейді.
Сонда бай:
– Оның орнына есекті алып бар, - деп бұйырады.
Жұмысшы есекті өгізбен бірге жер жыртуға қосады. Есек таңертеңнен кешке дейін ауыр жұмыс істейді. Сонымен қатар жұмысшы оны қатты ұрады.
Кешке есек үйге оралғанда, қорада қалған өгіз: – Досым, жағдайың қалай?- деп сұрайды.
Сонда есек айтты: «Маған ештеңе болмайды, саған қиын болады. Байдың көмекшісі саған ашуланып келді. Бүгін шөп жемесе, түнде соямын,-деді. Бай сұраса, ауруынан өлді, деп айтамын»,- деді.
Бай бұл әңгімені де естіп, күледі. Әйелі оның неге күлгенін тағы сұрайды.
– Бұл құпияны айтсам, өлемін,- дейді адам.
Бірақ әйелі:
– Өлсеңіз де, шындықты айтыңыз,-деп талап етеді.
Сонда адам далаға шығады. Ол иттің тауықтарға: – Сендер неге қуанып жүрсіңдер? Сендерді бағатын адам бүгін өледі, – деп айтып тұрғанын естиді.
Сол кезде қораз:
– Өле берсін,-дейді. Ол әйелінің сөзінен шыға алмайды. Егер әйелін ұрса, ол енді құпияны сұрамайды. Сонда ол өз өмірін сақтап қалады,- дейді. Бай қораздың сөзін естіп, үйіне қайтады. Ол әйелін ұрады. Ұрған соң, әйелі қайтып сұрамайтын болып, өзі тірі қалды.