Мамыр аға пойызбен Астанаға шықты. Ол жездесінің 50 жасқа толған тойына барады.
Мамыр аға бір қариямен бір купеде отырды. Қария:
– 50 жаста той не керек? - деді.
Мамыр аға қарттан:
– Ата, өзіңіз неше жастасыз?-деп сұрады.
– Менің жасым жетпіс бесте, - деді қария.
Мамыр аға:
– 50 жасқа жету – үлкен бақыт. Көп адам бұл жасқа да жетпейді,-деді.
Ол қазақтың белгілі адамдары туралы айтты. Шоқан Уәлиханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев сияқты адамдар 50 жасқа жетпеді.
– Сондықтан адам өз жасын бағалауы керек. 50 жас – аз жас емес,-деді Мамыр аға.
Қария үндемеді. Біраздан соң купеден шықты.