This site is in development — some features may not work fully yet.
Back to adapted texts
50 жастың қадірі
A1 - Beginner · 100 words

50 жастың қадірі

Audio player
0:00 --:--
Мамыр аға пойызбен Астанаға шықты. Ол жездесінің 50 жасқа толған тойына барады. Мамыр аға бір қариямен бір купеде отырды. Қария: – 50 жаста той не керек? - деді. Мамыр аға қарттан: – Ата, өзіңіз неше жастасыз?-деп сұрады. – Менің жасым жетпіс бесте, - деді қария. Мамыр аға: – 50 жасқа жету – үлкен бақыт. Көп адам бұл жасқа да жетпейді,-деді. Ол қазақтың белгілі адамдары туралы айтты. Шоқан Уәлиханов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Төлеген Айбергенов, Мұқағали Мақатаев сияқты адамдар 50 жасқа жетпеді. – Сондықтан адам өз жасын бағалауы керек. 50 жас – аз жас емес,-деді Мамыр аға. Қария үндемеді. Біраздан соң купеден шықты.
Ұ.Нұрғалымұлы.